ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің үшінші іріктеу кезеңі бірінші қыркүйек күні басталған болатын. Мақсат —   егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беру.   

 Бүгін Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жобаға іріктеудің тәртібі бойынша жиын өтті. Кездесуге Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы Гүлісхан Нахбаева арнайы шақырылды.Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев және жастар қатысты.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудың талабы қандай? Айтайық. Жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және бес жылдық еңбек тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген азаматтар үміткер бола алады.

–Үшінші іріктеудің ерекшелігі алты сала бойынша қажетті кадр керек. Кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Ситуациялық тапсырмалар, кандидаттардың бойындағы құзіреттілікті бағалау, сұхбаттасу кезеңдері өтеді. Үміткердің қабілетін анықтауға арналған 25 сұрақтан құрылған тестілеуге 25 минут уақыт беріледі. Одан кейін, Ұлттық комиссия отырысында үздік 50 кандидат резервке қабылданады. Бұл жоба 25 желтоқсанға дейін жалғасады, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан.

Іріктеуге Президент тағайындаған адамдар, саяси лауазымды қызметкерлер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыспайды. Ал резервке алынған азаматтар заңнамадағы тәртіппен саяси лауазымдарға «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына, «Б» корпусының басшылық лауазымына және «Б» корпусының А санттар тобының лауазымына тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, 2019 жылы өткізілген іріктеу бойынша – 300 адам, 2021 жылы –50 адам қабылданған. Жалпы 350 адамның 264-і жұмысқа орналасқан. Ал, биыл 50 үміткерді іріктеу жоспарланған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *