МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ GPS ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН БАҚЫЛАНАТЫН БОЛДЫ

Мейірімділік пен жылылықтың символына айналған мейіргерлердің жөні бөлек. Орны ерек.  Медициналық мекемелердегі жұмыстардың  80 пайыздан астамы осы мамандардың мойнында екенін ескерсек,  төр осылардікі.

Жайна Мәуленова 14 жылдан бері медицина саласында еңбек етіп келеді.  Басы ауырып, балтыры сыздаған әр азаматтың алдынан шығады. Пациенттерге қамқорлық жасайды. Процедураларды жүргізіп, таңғыштарды ауыстырады. Қан қысымын өлшейді. Қысқасы,  9 сағат бойы  тыным таппайды.

Қиындықсыз жұмыс болмайды. Кеше ғана өздеріңізге белгілі Ковид-19, біреулер енді тәж айтады сол кезде де өзімізді  мақтан етіп, сол аурулармен күресетін алда тұратын қаһармандардың бірі болдық деп есептеймін. Өз мамандығыммен мақтанамын,-дейді  Жайна Мәуленова.

Мейіргер Жайна Мәленова  әр жұмыстың өз қызығы мен шыжығы барын айтады.  Дегенмен өз жұмысына мойыған емес.  Ісіне пысық. Қимылы ширақ.  Айтпағымыз, Шымкентте мейіргерлердің жұмысы GPS құрылғысымен бақыланатын болды. Әзірге GPS навигациясымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көріп отыруға болады.

Бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізбек.

Жалпы, еліміздің денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басым бөлігін мейіргерлер құрайды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 10 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *