Шымкент қаласында «Shymkent Marathon” ауқымды спорттық іс-шарасы өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты. Марафонға спорт саласының мамандары мен жастар, қала тұрғындары мен кішкентай балалар да қатысты. Жерлестеріміз спортта да жүйрік екендіктерін көрсетіп, достастық пен бірліктерін арттырды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, өз құттықтауын жеткізді.
—Іс-шараның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын қалыптастыру. Елімізде спортты дамытуға айрықша мән беріліп, барлық жағдай жасалуда. Дәстүрлі сайысқа қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл қала тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы артқанын көрсетеді. Сайыста мықтылар жеңсін, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетеді. Сайысқа тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлері бақтарын сынауда. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен, жалпы 60-тан астам қаладан қатысушылар тіркелген.
5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша және скандинавиялық жүрістен, сонымен қатар, Экиден (42 шақырымдық эстафета) және мүмкіндігі шектеулі балалалар арасында да сайыс өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 14 млн теңге.
Айта кетейік, «Шымкент марафоны» бұқаралық сайысы 6-шы рет ұйымдастырылып отыр.