«ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкенттегі №1  «Оқушылар сарайы»  базасында республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының қалалық кезеңі өтті. Іргелі шараға ұйытқы болған Шымкент қалалық білім басқармасының  «Қосымша білім беру оқу салалық» орталығы.

Байқаудың негізгі мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке, эстетикалық тәрбие мен тұлғаның үйлесімді дамуына, балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау мен дамытуға бағытталған. Байқауда «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ қойылымы» жанрында түрлі образдарымен сомдалып, балалардың актерлік шеберліктері мен орындаушылық қабілеттері жоғары деңгейде сыналды.

Байқауға Бекманов Орынбасар Төреханұлы — Шымкент қалалық Әзіл ысқақ және Сатира теартының әртісі, Алиев Арман Махмудұлы — Шымкент қалалық Әзіл ысқақ және Сатира театрының көркемдік жетекшісі, актер, режиссер, халықаралық цирк өнері қауымдастығының төралқа мүшесі, Ақынбеков Ғалымжан — Шымкент қалалық Әзіл ысқақ және Сатира театрының актері, режиссер, кәсіби мамандар төрешілік етті.

Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша

Бас жүлде — Оқушылар сарайының «Шабыт» театр үйірмесі;

I орын № 2 Оқушылар сарайының «Дебют» театр үйірмесі;

II орын «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастару» орталығының

«Бал өнер» театр үйірмесі;

ІІ орын «Арман» мектеп- гимназиясы;

III орын № 134 жалпы орта мектебі,

III орын № 20 Титов атындағы мектеп-гимназия,

III орын № 71 жалпы орта мектеп.

Номинациялар бойынша:

«Жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының» «Балөнер» үйірмесінің оқушысы, «Киелі алма» шығармасы бойынша Ібіліс ролін сомдаған Ерболқызы Адема «Үздік әйел» номинациясын иемденді.

«Үздік ер» номинациясын №2 Оқушылар сарайының «Дебют» балалар үйірмесінің «Еркін иттер мекені» шығармасы бойынша сомдаған Назар Рамазан, «Образды үздік актерлік бейнелеу» номинациясы № 27 жалпы орта мектебіне және №2 Оқушылар сарайының оқушысы Бейсенбекова Аружан, «Көркем сөз» номинациясы бойынша № 61 жалпы орта мектеп оқушылары Болатбек Назерке, Дүрімбай Пернеш қанжығасына байлады.

Бас жүлдеге ие болған, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсеткен Оқушылар сарайының «Шабыт» театр үйірмесінің оқушыларына республикаға жолдама берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *