ҚАЛАНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Энергетика вице-министрі  Жандос Нұрмағанбетов  Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Жандос Нұрмағанбетов мегаполистегі бірқатар нысандарды аралады. Қаланың жылу маусымына дайындығын тексерді.   

ҚР Энергетика вице-министрі  Жандос Нұрмағанбетов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” қосалқы станциясында болды. Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы іске қосылған станция қуаттылығы 160 МВт кВ құрайды. Бүгінде қосалқы станцияның жүктемесі 47 МВт-қа жеткен.

Нысан “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Осыдан бірер ай бұрын жұмыс істеп тұрған 2 автотрансформатордың біреуінде ақау пайда болып, істен шыққан болатын. Автотрансформатор серіктестік көмегімен қайта қалпына келтіріліп, жуырда іске қосылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысының орынбасары мегаполистің 2035 жылға дейінгі электр жүйесін дамытудың кешенді жоспарымен танысты.

“Бозарық” қосалқы станциясының әлеуетін екшеген  қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов  Шымкенттегі «3-Энергоорталық» АҚ да болды.  Бір топ комиссия құрамымен бірге шаһардың жылу маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Арнайы бақылау жүргізу барысында «3-Энергоорталық» АҚ-ы, № 3 аудандық қазандық және ӘІО 160 ГКАЛ қазандығының дайындық жұмыстарын көзбен көрді.

«3-Энергоорталық» АҚ-ының қысқы маусымға дайындығы толық атқарылған. Ал қуаттылығы 60 Гкал № 3 аудандық қазандығының да жылу маусымына дайындығы аяқталған. Бұл қазандық 219 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Әкімшілік іскерлік орталығындағы 160 ГКАЛ қазандығы 123 көпқабатты тұрғын үйге жылу береді. Бүгінде қысқы маусымға дайын.

Қаладағы 2 076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджеттік мекемедегі дайындық жұмыстары аяқталды. Осы орайда қала басшысы жауаптыларға жылыту маусымы кезінде мәселе болмауын тапсырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *