СӘУЛЕ Ш/А МЕН АҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 1380 АБОНЕНТ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Сәуле ш/а 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын “Ремстрой” ЖШС мердігер мекемесі жүргізген болатын. Нысан бойынша технадзор: “Expert M” ЖШС,автор: «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС.Жоба құны: 512 млн. тг тұрады.

Құрылысы 2022 жылы басталған нысанның жұмыстары барысында қазіргі таңға дейін ұзындығы 29 шақырымнан тұратын газ құбыры жүргізілді.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тәмәмдалып, нәтижесінде 1370 абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз»АО бірлесіп техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде қамтамасыз ету жұмыстары жасалатын болады. Жалпы, 2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда.

Сонымен қатар, Шымкенттегі Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1380 тұрғын көгілдір отынмен қамтылып отыр.

Ескерер жәйт, тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан техникалық шарт алулары тиіс. Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ берілуде.

Айта кетейік, 2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50-і табиғи газбен қамтылған.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызға жеткізіледі, деп күтілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *