АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН ТҮСТІ

Ел қоржынына төртінші алтын түсті деп хабаралайды Bozyq.kz. Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.

Жұп құраған Сергей Емельянов — шымкенттік спортшы, ал Тимур Хайдаров — түркістандық саңлақ. Жеңіс сыйлаған көрсеткіштері 1:49.01 уақытты құрады.

Бұл соңғы жеңіс емес. Алда жарыс көп. Дайындықты бастаймыз. Осы жолы бақталастар әдісін көрдік. Табандылығын байқадық. Бұдан кейінгі жарыстардан үміт көп, деді Азиаданың алтын жүлдегері Тимур Хайдаров.

Шымкенттік спортшылары байрақты бәсекедегі жарысты жалғастырып жатыр. Отандастарымыздың маңызды жеңісімен ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев арнайы құттықтады.

«Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!» — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді. Төрт жылда бір болатын Азия ойындарына биыл Қазақстаннан 524 спортшы барды.  Қазақстан бұл жарысқа 30 спорт түрінен қатысады. Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні – 27, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрі.

Сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *