БИЗНЕС ПЕН БИЛІКТІҢ ӘРІПТЕСТІГІНЕН МЕМЛЕКЕТ ҰТАДЫ

«Бизнеске жол» жобасы аясында 580 кәсіпкердің құқығы қорғалған.  Бұл ақпарат қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.

Жиынға Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова және мегаполистің кәсіпкерлері қатысты.

Басқосуды кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова ашып, жүргізіп отырды.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бизнесті қолдауға ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдап, осы мақсатта «Бизнеске жол» жобасы жүйелі іске асырылуда. Осындай кездесулердің де көздегені сол мақсат – бизнестің өзекті мәселелерін тыңдау, шешу жолдарын қарастыру және талқылау», – деді Сабира Адамбекова.

Кіріспе сөзді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов алды.

«Біз өз жұмысымызды бағалау тәсілдерін түбегейлі түрде өзгерттік. Әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді. Дәл осы тәуекелдер картасы біздің Агенттіктің өңірлердегі жұмысы үшін нақты бағдар болады. Ұлттық палатамен бірлесіп «Бизнеске жол» жобасы жүзеге асырылыа жатыр. Күн сайын кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді, қағазбастылықты еңсеруге көмектесеміз және олар тап болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоямыз. Осы жоба аясында 580 нақты түйткілді мәселені шешіп, 26 мың кәсіпкерге көмектестік. Кедергілердің ең көп саны жер қатынастары, инфрақұрылым және құрылыс салаларына тиесілі», – деді Ұлан Сарқұлов.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жүзеге асырылатын «Бизнеске жол» жобасы туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров баяндады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұзақ уақыттан бері стратегиялық серіктес. Біз Агенттікпен бірге проблемалық, сыбайлас жемқорлық белгілері, деректері бар салаларда тиісті талдау жүргіздік, оған қоса бірге мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесін пайдалану нәтижесінде миллиардтаған соманың қаржысын үнемделді. Ал жыл басынан бері осы «Бизнеске жол» жобасы аясында жүйелі проблемалар да, жеке кәсіпкерге қатысты мәселелер де қаралып, оң шешімін табуда. Жалпы оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері өздерінің іскерлігімен танымал», – деді Ербол Өстеміров.

Спикердің айтуынша, ШОБ өкілдерімен тұрақты кездесулер өтіп, өңірлерді аралау жұмыстары жүріп жатыр.

«Сондағы кәсіпкерлердің көбі өзіне көмек жасалмаса да бизнесті жүргізуге кедергі келтірмеуді сұранады. Сондықтан, мемлекеттік органдардан әр кәсіпкердің арызына тереңінен қарауды сұраймын. Себебі, өкінішке қарай, пайдасынан зияны көп шешімдер жеткілікті. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын берілген, коммерциялық нысандар салынған жерлерді кері алғаннан мемлекет қандай пайда табады? Әр мемлекеттік орган, әр лауазымды тұлға шағын және орта бизнес – экономика тұрақтығының кепілі екенін түсініп, қызметін атқарса, кәсіпкерлік те дами түсер еді деп ойлаймыз. Осыған орай, Ұлан Серікұлы, Шымкент қаласының кәсіпкерлерін тыңдап, олардың қойған мәселелерін шешуге шара қолданайық, тиісті тапсырма, нұсқау берейік. Кейін осы сұрақтар бойынша кәсіпкерлер, тиісті мемлекеттік органдармен бірге онлайн жиналыс ұйымдастыруды ұсынамын», – деді Ербол Өстеміров.

Осы орайда бизнеске әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтып берді.

Жиын еркін форматта жалғасып, Қоғамдық кеңес мүшелері, өңірдің бизнес қоғамдастығының өкілдері кәсіпкерлікті дамытуға, түйткілді мәселелерге байланысты ойларын ортаға салды. Мемлекеттік органдар мен іскер азаматтар өзара пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *