«ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағын аралау барысында «Эко фарм», «Alem Luxury» және «Mega Smart» кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Эко фарм» ЖШС компаниясының негізгі бағыты – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, фармацевтикалық қызметтер. Компания 1995 жылы құрылған, ал аталған индустриалды аймақта өткен жылы ашылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны 1,925 млрд теңгені құрап, 40 жұмыс орны қамтылған. Компанияның Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтөбе қалаларында 4 дәріхана қоймасы, 30 дәріханадан тұратын желісі бар. Кәсіпорындағы «Ecotex» тігін өндірісі медициналық арнайы киімдерді шығарады. «Эко фарм» ЖШС «Avatube» сауда белгісі мен «ЭкоФарм Интернейшнл» және «Marai E7 Group» отандық өнімдерінің ресми дистрибьюторы болып есептеледі.
«Alem Luxury» ЖШС кәсіпорны «Тассай» индустриалды аймағында биыл іске қосылды. Жиһаз өндіретін кәсіпорынның инвестиция көлемі – 500 млн теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Компания шкаф жиһазына маманданған. Негізгі бағыты үйге арналған жиһаздың барлық түрін қамтиды. Өнімдер жоғары сапалы материалдардан жасалады. Жылына 5 000 өнім шығаруға қауқары бар.
«Mega Smart» ЖШС кәсіпорны аталған аймақта 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Инвестиция көлемі 545 млн теңгені құрайды. МДФ жылтыр плиталары мен жиһаз шығаратын зауытта 50 жұмыс орны қамтылған. Өнімдер бірегей болып есептеледі, өйткені елімізде баламасы жоқ Оңтүстік Кореяның технологиясы қолданылады. Сонымен қатар, мұнда жиһаз өндіретін цех салынды. Цехтың жобалық қуаты жылына 5000-нан асады. Бұл Оңтүстік Кореядан импортталатын тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Яғни, жылтыр плиталардың ішкі нарықта айналым көрсеткіші 90 пайызға жетті. Бүгінде көрші елдерге экспорттау пысықталуда. Сондай-ақ компания өткен жылы жиһаз фабрикасын іске қосты. Жобаның құны – 750 млн теңге, жылына 120 мың жиһаз шығарады, 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында өкілдігі бар. Алдағы уақытта елімізде 16 өкілдік құру жоспарланып отыр.
Кәсіпорындардың жай-күйімен танысқан қала басшысы отандық компанияларға мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді. Осы орайда жауаптыларға «Эко фарм» компаниясын тігіншілермен қамтамасыз ету мақсатында № 5 тігін училищесінің студенттерін тарту бойынша тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *