Бүгін Шымкент қаласының әкімі Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы мырзамен кездесті. Басқосуда Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен одан әрі өрбуі сөз болды.
Шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанына, осы орайда, Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды. Бүгінде Шымкентте түркиялық инвесторлар құрылыс, медицина салаларында қарқынды жұмыс істеуде.