СЕКСЕУІЛ – ҚҰМДЫ-ШӨЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

«Жасыл Қазақстан»: Түркістан облысында сексеуіл алқабы жыл сайын ұлғайып жатыр,-деп хабарлайды  Bozyq.kz.

Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғаюда. Соның ішінде ең үлкен сексеуілді алқап Созақ өңірінде шоғырланған. Бес жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республиканың орман қоры жерлерінде 2 млрд. түп көшет егу тапсырмасын іске асыру аясында Созақ орман шаруашылығына тиесілі 32 мың гектар жерге 2021-2025 жылдар аралығында 41 млн. ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.

Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова ормандарды молайту жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сала мамандарының мәліметінше, отырғызылған жапырақты ағаш көшеттерінің көнімділігі орташа есеппен 65-70%-ды құрайды, сексеуіл көнімділігі 35-45 пайызды құрайды. Оның басты себебі – ауа райының әр түрлі болуы. Көктем айынан бастап күннің ыстығы, желдің ұдайы тұруы, жердің құнарсыздығы және тұзданып кетуі әсер ететінін айтады.

Ормандар Қазақстан аумағының 4,8% — ын ғана алып жатыр, олардың жартысына жуығы сексеуілге тиесілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *