ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде тегін жүретін жолаушылардың қатары артты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады. Енді, оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

-Бізде әр аялдамаға қай уақытта қандай автобус келетінін тұрғындар көріп тұратын болады. Бұл бізге қоғамдық көліктерді қадағалауға мүмкіндік береді. Аялдамаларға тоқтамай  кету немесе графиктен ерте  немесе  кеш шығып кетуін де қадағалайтын боламыз. Тасымалдаушы 11 компаниямен жаңадан келісім-шарт түзілді,-деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгі иегерлеріне, тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі берілсе, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.

Қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі төмендегі санаттағы адамдарға беріледі.

Олар:
1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар;
5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
6) 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
9) мүгедектігі бар балаларға;
10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;
11) оқушылар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *