ҚАЗЫҒҰРТ ҚҰТ МЕКЕН

Қазығұрт ауданында екі қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан  жеке инвестор есебінен салынуда.  Қазығұрт ауданына іссарармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Bozyq.kz.

40 пәтерлі 5  тұрғын үй құрылысына  ауданның жер қорынан 2 гектар жер телімі бөлінген.  Құрылыс нысанына арнайы барған Дархан Сатыбалды сапаны басты назарда ұстауды тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы  Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехын арнайы ат басын бұрды. Кәсіпкермен кездесті. Халықпен жүздесті.

«Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехы  тәулігіне 167 бас, жылына 60 мың бас мал союға қауқарлы. Жоба құны — 1,1 млрд теңге. Жаңа цех толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Кәсіпорында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

2024 жылы Қазығұрт ауданының  өнеркәсіп өнім көлемін  15,3 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған.  Бұйырса 12,3 млрд. теңгеге 68 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Ауданның  шаруашылығы өнім көлемі 75,3 млрд. теңгеге жоспарлануда. Су үнемдеу технологиялары ендірілген жерлер  3 мың гектардан асқан. Бұдан бөлек, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ биыл ауданда 6 489 жаңа жұмыс орнын  ашу көзделген.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданында халықпен кездесу өткізді. Аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *