САРЫАҒАШ: ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты  Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты, деп хабарлайды Bozyq.kz.

2023 жылы  қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді.  Бұйырса  аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ.

Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты елді мекендердің 4 796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық және 15 әлеуметтік нысан газға қол жеткізеді. Одан бөлек, Ақжар ауылдық округінен 300 абонент қосылса, Атамекен елді мекенінен 235 абонент табиғи газдың қызығын көргелі тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *