​«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында «халық заңгері» акциясы өтті  Мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Осыған орай Түркістан облысының 17 аудан-қалаларында аталған акция ұйымдастырылуда. Ал облыс орталығындағы шара «Фараб» кітапханасында өтті. Онда 2000-ға жуық тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды. Өңір тұрғындарына еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлер қажетті кеңестер берді.

Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.

Айта кетейік, 2016-2023 жылдар аралығында еліміздің үздік сарапшылары мен мемлекеттік органдарынан 165 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңес алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *