ОТЫРАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

Бүгін Отырар ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің көшпелі мәжілісі өтті.  Алқалы жиында Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов баяндама жасады. Соңғы 4-5 жылдың көлемінде жаз мезгілінде Сырдария өзені жағалауында шіркейлердің шамадан тыс көбейіп кетуі аудан тұрғындарын әбігерге салып жатқанын мәлімдеді.

«Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекаралық аумағында орналасқан «Көксарай» су реттегіші шіркейдің таралу, яғни дернәсілдерінің жетілуі ошағы болып отыр»,-деді Жансұлтан Сейтжанов.

Қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі коммуналдық қалдықтарды кешенді тәсілмен және тиімді басқару жүйесі болып табылатынын атап өткен Жансұлтан Әділжанұлы Көксарай ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Шіркей санын азайту мақсатында бүгінгі таңға, 40 мың килограммнан астам биологиялық препараттар суға жіберілген. Сондай-ақ, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларымен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес және тізімге енбеген Сауран ауданында да химиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *