5 МАУСЫМ – БҮКІЛӘЛЕМДІК ЭКОЛОГТАР ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Түркістан қаласында  «Таза Қазақстан» акциясы аясында 79 сенбілік өткен. Нәтижесінде  бос жатқан 17 гектар аймаққа 30 мың ағаш отырғызылған.  Сонымен қатар тұрғындардың өтінішімен 8,5 гектар бос жер тазаланып, «Руханият» саябағы салынды.  Мұнда 8 мың тал егіліп, 6 га аумаққа көгал төселіп, 2 ойын алаңшасы жасақталды. Қоқыстан тазартылған тағы 3,4 гектар алаңға 3000 тал егілген.  3 га көгал төселіп, арнайы балалар ойын алаңшасы жасақталып, «Төлеби» саябағы ел игілігіне берілді. 

Түркістан қаласында санитарлық тазалықпен қамтамасыз етілген 875 көше бар. Күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Оның ішінде 136 көше механикалық жолмен тазаланады.

Қала аумағы 6 секторға бөлінген. Бүгінде шаhарда 32 саябақ, 32 демалыс аллеялары бар. Облыс орталығындағы көгалды аймақ бүгінде 262 гектарға жетті. 1 миллионға жуық ағаш отырғызылып, 8 гектар жерге гүл егілді. Сонымен қатар аэроғарыштық түсірілім нәтижесінде анықталған 9 стихиялық қоқыс алаңдарына демеушілер есебінен арнайы техникалар жұмылдырылып, тазаланды.

«Таза Қазақстан» акциясы кезінде әр апта сайын 10 мыңға жуық тұрғын аулаларға тазалық жұмыстарын жүргізген.  Акция аясында тұрғындардың қатысуымен 6 сектордағы ішкі көшелерді ретке келтіру бойынша 72 сенбілік, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың жұмылуымен қаланың 45 аумағында 7 сенбілік, жалпы 79 сенбілік өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *