ТҮРКІСТАН: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ШЫҒАРАТЫН ЕКІНШІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Ол — «Тұран су» ШЖҚ МКК.

«Тұран су» ШЖҚ МКК  Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Сайрам аудандарындағы ұзындығы 100 шақырымға жететін 9 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.  Кәсіпорын басшысы Д. Лесовтың баяндауынша, қазіргі таңда жұмыстардың жартысына жуығы орындалған. Нәтижесінде 15 мың гектардан астам суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды,-дейді мамандар.

Шардара ауданына қарасты 6 ауылдық округте  ұзындығы 958 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұйырса  26 996 га суармалы жерлердің жер асты суының денгейі төмендеп, жерлердің мелиоративтік жағдайы жақсарып, өнімділік 25 — 30% артады.

Алдағы уақытта инвестициялық 3 жобаны жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығаратын өндірісін ашу жоспарланған. Жоба Ордабасы ауданы «Қарақұм» елді мекенінде орналасқан кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасында іске қосылады.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» ШЖҚ МКК бүгінде өңірде ағын су мәселесін шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Арнайы техникалар алынып, жаңа ғимараты бой көтерді. «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансында 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистральдық канал және 103 ішкі шаруашылық аралық канал бар.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен мәжілісте  мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар баяндалды. Облыс әкімі мекеменің жұмысын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *