Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен бір топ азамат «Жаркент крахмал-сірне» зауытына барып, жұмыс барысымен танысты.
«Жаркент крахмал-сірне» зауыты дайын өнімдері ішкі нарықтан бөлек, Еуропа мен Азия елдерінде экспорттауда. Сонымен қатар, делегация зауыттың полипропилендік қапшықтар шығарататын цехтарын аралады.
«Жүгері дақылы ешқандай қалдық қалмайтын сұранысқа ие өсімдік. Біз мақсат екінші зауытымызды Түркістан облысы Шардара ауданынан салу арқылы жергілікті диқандардың шикізат өнімін ала отырып, жүгері егуге машықтандыру. Сондай-ақ, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. 2025 жылы жүгері зауытының құрылысы аяқталса, кез келген уақытта Жаркент зауытынан мамандарды тәжірибе алмаусуға жіберіп отырамыз. Біз зауытты міндетті түрде іске қосамыз,»— деді зауыт басшылығы.
Шардара ауданында жүгеріден 26 түрлі өнім шығаратын зауыт салынып жатыр. Қазіргі таңда өндіріс орнының бір бөлігі іске қосылып, 8 түрлі өнім шығарып отыр. Толығымен іске қосылған кезде ауданның 500-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. Жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Делегация өкілдері Жаркент жүгері зауытының егістік алқабында болып, жұмыстарымен танысты.
«Жаңа технологияларды игеріп дәрілеу және жүгеріге тыңайтқышты тамшылатып беру әдістерін жетілдірудеміз. Бүгінгі күні жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіруді қолға алдық. Сондықтан жылдан-жылға жүгері өсірумен айналысатындардың саны артуда,»— дейді мамандар.
Алдағы уақытта Шардара ауданында да рет тамшылатып суару технологиясымен жүгері өсіріледі. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл аяқсуды 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Шардара ауданынан барған арнайы топ тәжірибе алмасып, ондағы жұмыстарға оң баға берді.