«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АРЫС ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жарияланды. Президент  тазалық жүргізуді бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті өмір салтына айналуын ұйымдастыру міндеті жүктеді.  Аталған тапсырманы нақтылы іске асыруда «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын қолға алды.

«Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылы тұсындағы Арыс өзені бойында санитарлық тазалықты қамту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 200-ден астам азаматтың басын қосқан науқанға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихатына Ордабасы ауданынан сайланған депутат Ғани Райымбеков, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қатысып, көрікті келбеті бар өлкенің тазалығын сақтауға үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстарына түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары,  өңірлік, аудандық, қалалық партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қатардағы партия мүшелері қатысып, ең ластанған аймақтарда санитарлық тазалық жүмыстарын атқарды.

Айта кету керек, аманаттық өкілдер тазалық жүргізген аумақ қарқынды көлік ағыны өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойындағы Арыс өзені үстінен өтетін өткелдің тұсында орналасқан. Аптап ыстықта өзен жағалауына түсіп, тал-теректің қою көлеңкесінде бір сәт аялдап, демалатын жолаушылардың саны көп. Өкініштісі, арнайы қоқыс жәшіктері орнатылған болсада, әр талдың түбіне босаған шөлмектерін лақтырып, қалдықтарын шашып кететін азамттардың қатары азаяр емес.

«AMANAT» партиясы барша қазақстандықтарды  игі істі қолдауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *