ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕМІС БАҒЫН ЖАЙҚАЛТТЫ

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы басталды. Игі акция аясында Арыс қаласының  әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен  Арыс өзені жанындағы 0,65 га аумаққа алма, өрік, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс ағаш көшеттері  отырғызылған болатын.

Бүгінде көктемде отырғызылған жеміс бауын түлетуге «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары бел шешіне кірісті.

Көшеттерді тұрақты түрде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге 400 текше метрді құрайтын арнайы бассейн мен екі дана су айдау моторы орнатылды. Суды үнемдеу әрі өнімділікті қамтамасыз ету үшін әр көшеттің түбіне тамшылатып суғару жүйесі ендірілген. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек.

Бүгінде мұнда алма, өрік, шабдалы, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс ағаштары тамыр жайып, жасыл жапыраққа боялған. Жемі бауы тұрақты күтімнің арқасында алдағы уақытта тұрғындарға әрі сая әрі жеміс болар демалыс аймағына айналары сөзсіз.

Жалпы, Арыс-Шымкент, Арыс-Шардара тас жолы жиегін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтижесін беріп келеді. Бір кездері жазық жатқан далаға жан бітіп, жасыл желек көз қуантады.  «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандарының атқарған еңбегі ұшан-теңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *