ЖАҢА КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫН САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкенттегі Қапал батыр көшесінде жаңа кәріз коллекторын салу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылымды қайта құру «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізуде. Мақсат, кәріз желісінің тозуын азайту.

Диаметрі 800 миллиметр болатын 40 метр бетон құбырларын салады.

Бүгінде Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолымен өтетін коллектордың әбден тозығы жеткен. Бұл жиі апатты жағдайларға әкеп соқтырды. Қаратөбе тас жолындағы жұмыстар 2023 жылы басталды. Қазір жаңа асфальтталған жабын төселді. Мердігер ұйымның қызметкерлері Қапал батыр көшесінде диаметрі 800 миллиметр болатын 40 метр бетон құбырларын салады.

«Қазіргі таңда Қапал батыр көшесінде 800-дік коллектордың 2400 метрін бітіріп қойдық. 2000 метр қалып тұр. Қазіргі таңда көріп тұрғаныңыздай сапалы асфальттау үшін топырақты қайта толтыру және кейіннен тампондау жұмыстары жүргізілуде»,-дейді учаске бастығы Есенәлі Мейрманов.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін құбырды қажетті тереңдікке салғаннан кейін бірден қазылған топырақпен траншея толтырылады. Жақсы басылу үшін топыраққа су құйылады. Содан кейін қиыршық тас төсемі салынып, тегістеу жүргізіледі. Дегенмен, біз жүргізушілерден құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көше бойында жүргенде сақ болуды сұраймыз. Жол төсемін қалпына келтірумен сапалы асфальттауды орындауға кепілдік беретін арнайы мекеме айналысады.

Жаңартылған коллекторға индустриялық аймақтан келетін өнеркәсіптік ағынды суларды қайта бағыттау жоспарлануда. Бұл Клара Цеткин көшесінің тұрғындарының мәселесін шешуі керек. Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *