Түркістан облысындағы ірі су қойманың бірі Бадам су қоймасы болып табылады. Стратегиялық маңызға ие нысан Маятас ауылының аумағында орналасқан.
Сыйымдылығы 61 жарым млн. текше метр, пайдалы көлемі 59 млн. текше метр. Су қойманың деңгейі 47,285 млн.текше метрді құрайды. Бөгеттің ұзындығы 1 шақырымнан асады.
Қойманың сыйымдылығы 61,5 млн. текше метр болса, қазір оның 97 пайызы жиналған.
Судың қоры бақылауда, егіншілік басталғанда қоймадағы су Бадам өзеніне жіберіледі. Биыл Бадам су қоймасынан Отырар ауданына экологиялық мақсатта 30,5 млн.текше метр, Шымкент қаласы Бадам магистралды каналына 17 млн. текше метр ағын су босату жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін “Бадам- су” қоймасынан су беру 60% орындалған. Су беру жалғасуда.
Айта кетейік, “Қазсушар” РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі “Бадам – су» өндірістік бөлімшесі бойынша 2 су қойма, 3 су торабы, Төлеби ауданында 27 дана магистралды канал бар.