ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында сенбілік өтті. Аудандағы 1 қала, 12 ауылдық округте тазалық жұмыстары  ұйымдастырылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен еріктілер жалпы 1 мыңға жуық адам қатысты. Аудандағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы тазалық шарасы барысында қураған ағаштар жиналып, жол бойлары, көшелер қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, шөп, тікендер орылып, жасыл желектер әктеліп, суғарылды.

Төле би ауданының әкімі Төлеген Телғараев барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырды. Тазалық табалдырықтан басталатыны ескертіліп, жергілікті әкімдік мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғын үйлерге өз аулаларын қоқыстардан тазарту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ескертпе берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *