Тұтынылатын электр энергиясы табиғатта еркін қол жетімді емес, сондықтан оны энергияның басқа түрлерін электр энергиясына айналдыра отырып, «өндіру» керек. Яғни, газ, электро энергия өндіру үшін де экология ластанады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і баламалы энергияны пайдалануда барлық мүмкіндікті қолданып келеді. Мекеме өзіне қажетті электроэнергияны күннің сәулесінен алуда. Бұл — мекеменің қажеттілігін өтеуде. Газды шайынды сулардың қалдықтарынан өндіріп, тиімді пайдаланып отыр.
«Институт өкілдеріне айтып бердік. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Әрімен қарай да істейміз. Біз посткеңестік елдердің ішінде Ydro Process жаңа технологиясын қолданып жатқан ең алғашқы мекемеміз. Бұл сарқынды суларды тазарту және қалдықтарды өңдеуде қолданылады. Ydro Process қолдану арқылы біз атмосфераға тасталатын парниктік газды 50 пайызға қысқарттық», дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС менеджері Ирина Казаринова.
Ұжымның осыншама жетістіктері «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызығушылығын танытты. Мекеме табиғатты сақтап қалуда, «Жол картасы» аясындағы жетістіктері Қазақстаннның басқа қалаларындағы су арналарына үлгі болмақ.