Шымкенттің ауыз су тарифі Қазақстан бойынша ең арзан қалалардың бірі. Нақтырақ айтсақ 10-орында. 1 литр судың құны 9 тиын. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 25 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Компания автоматтандыру мен жаңа технология және цифрландыруды енгізуде тек елімізде ғана емес, бүтін Орта Азияда алдыңғы қатардағы мекеме.
«Біз енді осы кезеңде 13 жыл болды Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен жұмыс жасап кележатырмыз. Өйткені тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымдарды, су және канализация жүйелерін бірден ауыстыруға қаржы жетпейді. Сол үшін 30 жыл көлеміне несие алғанбыз. 60 млн. Евро алдық. Қазіргі таңда қайтқаны 40 млн. Біз жылдан-жылға инвестиция салып, реттеп кележатырмыз. Әлі де болса проблема шешілді, бәрі жақсы деп айта алмаймыз. Кемшілік жетерлік. Мысалы үшін 68% су саласында 60% түсіруге қол жеткіздік. Канализация саласында 79% дан 75% ке жетті»,- деді «Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС Бас директоры Анарбек Орман.
Шымкент қаласында 5 мыңнан астам шақырым су құбырлары бар. Тозығы жеткен құбырларды кезеңімен ауыстырып, халыққа сапалы тіршілік нәрін үйлестіру компанияның басты мақсаты. Су сапасы стандарт талабына сай болуы үнемі бақылауда. Су тарату жүйелерінен күнделіті зертхана мамандары судан сынама алып, бактериялық және химиялық құрамын 10 көрсеткіш бойынша зерттеп отырады.
Өрт сөндірушілерге қолайлы болып, қақпағы ашылып қалып, тұрғындардың өміріне қауіптің алдын алуда арнайы гидранттар еуропалық стандарт бойынша жер бетіне шығарылуда.
«Қазір қаланың территориясы 3 есе үлкейді. Халқының саны 3-3,5 есе өсті. Соған қарамай су толық беріліп отыр. Қаланың әр точкасына. 37 гектармен 137 гектардың арасы үлкен ғой. Соған қарамай су бәріне беріліп отыр. Ол деген үлкен еңбек»,-деді өңірлік комиссия мүшесі Нұркөз Жаңабаев.
Мегаполис тұрғындары үшін маңызды саналатын нысанның жұмысы бүгінгі күні бекітілген жоспарға сәйкес орындалып келеді. Мекеме басшысы жиынды қорытындылай келе 2024-2026 жылдарға арналған жоспарлар мен бекітіліген қаржысын меңгеруге байланысты бірқатар жұмыстарды түсіндіріп өтті.