ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 1-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Кеше ғана Отанға адал қызмет етемін деп әскери ант берген жас сарбаздарға, бүгін салтанатты түрде жауынгерлік қару табысталды.
Бригада командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Роман Смородин өз сөзінде, әскери қызметшілерге жалпыәскери жарғылардың Отанды қорғау үшін өзіне сеніп тапсырылған қаруды қолдануға тұрақты дайындықта ұстау туралы талаптарын еске салды.
«Қаруға деген сүйіспеншілік, оны ұрыста шебер қолдану — ежелгі дәуірден бастау алған қазақстандық жауынгерлердің даңқты дәстүрі. Бұл дәстүрдің көрінісі бір ұрпақтың Отанын қорғау ісін екіншісіне беруді бейнелейтін қару табыстаудың салтанатты рәсімі болып табылады. Сіздер әскери істі ынтамен және бастамашылықпен зерделейтіндеріңізге, әскери бөлім мен Ұлттық ұланның даңқты дәстүрлерін сақтап, көбейтетіндеріңізге, өз бөлімшелеріңіздің намысын қорғайтындарыңызға сенімдімін», — деп атап өтті Бригада командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Роман Александрович.
Сондай-ақ жас сарбаздарды әскери бөлімнің ардагерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қару алуларымен құттықтады. Олар жауынгерлерге бейбіт аспан мен қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айта кету керек, жеке құрамға қаруды тапсыру тәртібі ішкі қызметтің жарғысында жазылған. Әскери бөлімшелерде қаруды алған сәттен бастап әскери қызметшілерге қару-жарақты бекіту туралы бұйрықтар шығарылады.
Бұл іс-шара әскери қызметшілердің өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.