12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бүгінде бұл мереке жыл сайын аталып өтіліп келеді. Осы орайда, 2024 жылы елімізде 3-12 тамыз аралығында «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» ұлттық онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Әйгерім Әбдіохапқызы баяндады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Jasyl Marathon’24» экоплоггинг ұйымдастырылды. Қаламыздағы Қошқар-Ата мен Бадам өзендерінің бойларында, тарихи-мәдени объектілер мен ескерткіштердің аумақтарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Экологиялық жағдайды жақсартуға және жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартуға бағытталған бүкіл республикалық «Жасыл ел» жастар жасағы құрылып, басрлық науқандарға белсенді қатысып жүр. Сонымен қатар, «Денсаулық – зор байлық» күні аясында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күні ұйымдастырылып, офтальмолог, эндокринолог, кардиолог, хирург/травматолог, гинеколог, окулист, невропотолог және стоматолог сынды бірнеше дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексеруден өтетін болады. Сонымен қатар «Өзгеге өмір сыйла» деген ұранмен қан тапсыру жоспарланып, 60-қа жуық қаланың ерікті жастары қан тапсыруға өтініш білдірген. Жастар келешегіміздің негізі ретінде білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Алдағы уақытта жастардың ғылым-білімге негізделген жобалары қолдау тауып, игі бастамалары өз жалғасын табатынына сенімдіміз», – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгерім Жұмағулова.
Қысқасы, 3-15 тамыз аралығында өтетін әр күн нақты атаумен бекітілген. Осы ретте мереке аясында түрлі ағартушылық іс-шаралар, көрмелер мен флешмобтар ұйымдастырылады.