ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: ТАПТАУРЫН ТӘСІЛДЕРДЕН ҚАШЫП, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАТЫЛ ЕНГІЗУ КЕРЕК

Сайрам ауданында «Ауыл шаруашылығын дамыту: «ЭКО-бақ» жүзімдік алқаптарында экспортқа бағытталған, нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде озық инновациялық технологиялар және заманауи машиналар кешенін тиімді пайдалану» тақырыбында дала семинары өтті. Оған білікті ғалымдар, шаруалар, кәсіпкерлер қатысты. Тіпті, облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы ат басын бұрып,  ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүзім шаруашылығының маңызына тоқталды.

– Таптаурын тәсілдерден қашып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек. Ғылым, ауыл шаруашылығы дамып бара жатыр. Биыл Қытайға барған сапарымызда жүзім алқаптарын көрдік. Өнімділік өте жоғары әрі жүзімдері ерекше дәмді. Біздің шаруаларға қалай өсіруді үйретуге дайын. Облысымызда жүзім шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Әр ауыл белгілі бір кәсіп түрі мен шаруашылыққа бейімделіп, жүйелі түрде өнім шығарса ғана экспорттық әлеует көтеріледі. Бірігу, ірілену, жаңа технологяиларды енгізу өте маңызды. Бұл ретте ғалымдарымыз да көмектесіп, жүзімнің төзімді, өнім мол беретін түрлерін әзірлеуге қолдау көрсетеді деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі Сайрам ауданында  су үнемдеу технологиясын ендіру аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Манкент» шипажайы аумағында жаңбырлатып суғару жұмыстары атқарылуда.  Аталған шипажай Алматы қаласынан ЖК «Agro Line KZ» сатушы мекемесінен 3 дана JP90-450 барабан типті жаңбырлатып суғару машиналарын сатып алып, жоңышқа алқабына орнатқан. Жобаның құны 37,2 млн теңге. Қаражат толығымен шипажай басшылығының өз қаржысымен жүзеге асты. Жобаның ерекшілігі –қарапайым тәсілмен суғарылатын жоңышқалық алқапқа қарағанда ағын су көлемін 50%-ға үнемдейді. Өнімділікті әр гектарынан 200 центнерге дейін жеткізеді.

Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығында тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларын енгізу негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.  Бұл бағытта өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылып жатыр. Тиісті жұмыстар жалғасады,-деді облыс әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *