Түркістан облысында суару маусымында шаруаларды сумен қамтамасыз ету үшін мемлекетаралық «Ханым» каналы тазаланды, деп хабарлайды «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының баспасөз қызметі.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Зах-Келес өндірістік бөлімшесіне қарасты мемлекетаралық «Ханым» каналының 2024 жылғы суару кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілді.
Атап айқанда:
— Қызметтік үйлердің қабырғалары және гидроқұрылымдар әктелді- 1000 м2
— Гидроқұрылымдардың темір бөлшектері сырланды – 640 м2
— Каналдың ПК312+50 ден ПК315+30 нүктелері аралығында – 6720 м3 канал арнасын түзеу жұмыстары жүргізілді.
— Каналдың ПК711+80, ПК716+60, ПК720+30, ПК723+44, ПК734+85, ПК808+34,ПК816+60, ПК824+10, ПК824+28, ПК839+00 нүктелеріндегі 10 дана су өлшеу бекеттері жөнделді.
-ПК538+00 по ПК751+60 нүктелері аралығында — 26,200 м3 механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, 21,360 км;
Бұдан бөлек, мемлекетаралық «Ханым» каналына механикалық тазалау жұмысы жүргізіліп, лай тұнбасы шығарылды, – делінген хабарламада.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының Зах-Келес ӨБ бойынша 2024 жылға «Ханым» каналына арналған суару қажеттіліктері үшін су пайдаланудың жалпы алдын ала жоспары 94,40 млн.м3 құрайды.
Бүгінгі күні «Ханым» каналы арқылы су беру 19,1 тенге (налог) тариф бойынша қызметтер көрсетуге 2 шарт жасалған. Нақты 64,29 млн .м3 су берілген.