Сарыағаш ауданы Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептерінің жылу қазандықтарын газға ауыстырылып жатыр.
Сарыағаш ауданында қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған. Сарыағаш ауданынының әкімі Арман Абдуллаев мектеп ғимараттарындағы құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтап, жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.
Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған.
Мамандардың айтуынша, табиғи газ – бүгінде күні ең таза органикалық отын болып есептеледі. Сондықтан Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру жүйелі түрде жүргізілуде. 2027 жылы облыстағы 319 елді мекен, яғни 469,6 мың халық табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс.
Бұл зиянды қалдықтар көлемін айтарлықтай азайтуға, өңірдің экологиялық жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғи газды пайдалану тұрғындар үшін қаржылық жағынан да тиімді екені белгілі.