НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ: КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ

Түркістан қаласында санитарлық тазалықты қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 

«Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір рет жұмысшы топ жетекшісінің есебі тыңдалады. Жұмыстың бағасы Ұйымдастыру бөлімі тарапынан жүргізілетін кері тексеріс нәтижелерімен салыстыра отырып берілетінін ескертемін. Заң да, талап пен тәртіп те ортақ. Қала тазалығы мен мүлкіне зиян келтіру – қоғамға деген құрметсіздік деп білемін. Жұмыс барысында көзбояушылық пен немқұрайлыққа жол бергендердің жауапкершілігі қатаң сұралатынын назарларыңызға саламын», — деді Нұрбол Тұрашбеков.

Жыл басынан бері облыс орталығында ортақ пайдалану орындарда ластау дерегімен 5467 хаттама толтырылып, 87 млн. 845 мың теңге айыппұл салынған. Абаттандыру қағидатын бұзған 1751 жағдай тіркеліп, 5 млн. 521 мың теңге айыппұл рәсімделген. Келісім-шарт арқылы қоқыс артып, аталған қоқысты белгіленбеген орынға тастаған 7 кәсіпкерге, 5 жеке жүк көлігі бар тұлғаларға қатысты Әкімшілік кодекстің 505 бабы және 434-2 бабымен шара көрілген.

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумағында барлық салаға тазалық күндері белгіленіп, аптасына 2 рет тұрақты түрде сенбіліктер өтуде.

Бүгінге дейін Түркістан қаласынағы  көп қабатты үйлердің аулаларына қоқыс салатын 300 контейнер орнатылған. Қажеттілігіне қарай, І-ІІ мөлтек аудандарында қоқыс тасымалдау жиілігі артты. Белгіленбеген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтар жиі тасталатын орындар анықталып, 30 бейнебақылау камералары қойылған. Заңсыз қоқыс алаңдары тазартылып, аймақтарды Полиция басқармасы өз бақылауына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *