САЙРАМДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

«Таза Қазақстан» республикалық тазалық шарасы Сайрам ауданында жүйелі жалғасын табуда. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған осындай сенбіліктердің бірі Құтарыс ауыл округі, Арыс өзенінің бойында өтті.

Тазалық шарасына Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам ауданының филиалының қызметкерлері қатысты. Айналаны таза ұстауға аудандық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және ауыл тұрғындары, жалпы 50-ге жуық адам атсалысты. Олар Ақсу және Арыс өзені бойларын қоқыстардан, өзен ағысына кедергі келтіретін заттардан тазартып, өз өлкелерін таза ұстауға үлестерін қосты. Жарты тоннаға жуық жиналған қоқыстарды арнайы аймаққа шығаруға техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» – бұл «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының бір бағыты, оның мақсаты тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *