ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Республикада суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі Түркістан өңірінің үлесінде. Сондықтан да ағын су мәселесі облыс шаруалары үшін маңызды саналады. Шардарада облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

– Облысымыздың оңтүстік өңірлерін ағын сумен қамтамасыз ету «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» трансшекаралық магистралды каналдарына тәуелді. Биыл сұранысқа сәйкес, ағын су тұрақты босатылуда. Дегенмен тапшылық туындау тәуекелділігі жоғары. Сіздермен бірлесіп, туындаған мәселерді талқылау және оның шешімін табуға біз өз тарапымыздан ынталымыз. Осы орайда бірінші кезекте жұмысты Шардара ауданынан бастап жатырмыз. Келесі кезекте Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы «Қазсушар» мекемесі тарапынан туындаған мәселелерді толық қарайтын боламыз. «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы» құрылысының сапасын жұмысшы топ мүшелерімен құрылыс басына барып талқылауға дайынбыз, — деді облыс әкімінің орынбарасы.

Күн тәртібінде шаруалар көтерген мәселелер қаралды. Оның ішінде ағын су тарифінің қымбаттауы, дақыл түрі бойынша суару нормалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков баяндама жасап, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында жұмысшы топ өкілдеріне сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бейсенбай Дәулетұлы мәжіліс соңында кезек күтірмейтін мәселерді қысқа мерзімде шешу қажет екенін мәлімдеді.  Оның қатарында АШТӨ-не тікелей ағын су жеткізу үшін, өндірістік кооперативтер қызметін жыл соңына дейін толық алып тастау, ауыл округтерінде суармалы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы су нысандарын бір қолдан басқару мақсатында коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу, асу субсидиясын беру бойынша ауылдық округтерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ИДЖЖЖ-2 бағадарламасы аясында атқарылған жұмыстардың сапасыз және қалған бөлігіндегі жұмыстарға қаржы қарау үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсыныс енгізу, сонымен қатар Су метрология мекемесімен каналдардағы су шығынын қайта есептеп, бекіту сынды міндеттер бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *