Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына қала аумағындағы барлық мекемелер қатысып, А-15 трассасы, Әйтеке би, Исмайылов көшелері тазаланды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы Исаұлы Құрал көшесі тұрғындары сенбілік жұмыстарына шығып, өз аумақтарын тазалады. 84 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы бойынша»Созақ орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм алқаптарының орманшылық бекеттерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Шара барысында өрт маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін басты назарға алып, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны заттары сынды тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен екі арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
Өңірде тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасады. Осы салаларға қатысты заңды бұзғандарға қатысты тәртіптік шаралар да тоқтамайды. Тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына басымдық беріледі.