ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ АБАЙ ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

Қазақстан халқы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жыл толуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды.   ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де шетте қалмады. Мұнда жазушының туған күніне орай мерзімді қызмет сарбаздары арасында поэзиялық байқау өтті. 

«Байқау екі кезеңнен тұрды. Бұл Абайдың өлеңдерін және «қара сөздердін» көркем оқу болды. Іс-шараның басты мақсаты — ұлы ақынымыздың көрнекті шығармашылығын насихаттау», — деді 6506 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі офицері сержант Бекжан Мәлік.

Сарбаздар атап өткендей, Құнанбаевтың әрбір шығармасы ойландырады, қоршаған әлемге көз ашады. Оның мұрасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар мен қонақтар үшін әскери бөлім клубында Абай кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шығармашылық байқау қорытындысы бойынша 3 орынды қатардағы жауынгер Смағұлов Жасұлан, 2 орынды қатардағы жауынгер Жақсылық Азамат және бірінші орынды қатардағы жауынгер Бекжан Ермағамбетов иеленді. Іс-шара соңында белсенді әскери қызметшілер алғыс хаттармен, ал үздік оқырмандар естелік сыйлықтармен марапатталды.

 «Біз Абайды құрметтейміз және оны әрқашан есте сақтаймыз. Менің ойымша, оның шығармалары елдің жас ұрпағы үшін өлмес байлық. Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, іс-шара оқырмандардың қазақ тіліне, оның мәдениеті мен жалпы отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды», — деді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Руслан Бектұрсынов.

Абай Құнанбаев әдебиетті дамытуға ғана емес, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға да үлес қосты. Біздің еліміздің тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және данышпан, тек халыққа ғана емес, жалпы адамзатқа да ой салады.

Айта кету керек, онкүндік аясында ұландықтар Абай мұражайында экскурсия өткізіп, тақырыптық кештер мен ақпараттық сағаттар ұйымдастырып, түрлі роликтер дайындап, челленджге қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *