КЕНТАУЛЫҚ ДИҚАНДАР ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БІРҚАТАР ЕГІН ТҮРІН ӨСІРУДЕ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы егіншілікке бейім аумақ саналады. Ауыл тұрғындары бос жатқан жерлерге егін егіп, отандық өнім түрлерін өндіруге үлестерін қосып келеді. Атап айтсақ Кентаулық «Эрмет ата» шаруақожалығы егіннің бірнеше түрімен айналысуды қолға алған.

Шаруақожалық 2006 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді. Биыл 6 га жерге бау-бақша, 4 га жерге бидай, 5 га жергке жоңышқа, 2 га жерге жүзім, 5 га жерге қарбыз еккен. Барлығы тамшылатып суғару әдісімен өсірілуде. Өнімдері дайын болғанда бірқатар ауыл тұрғындары уақытша жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Шаруақожалықтың иесі, Әлішер Эрметұлының айтуынша, жемістердің басым көпшілігі Өзбекстан елінен әкелініп, осында көбейтілуде.

«Шаруашылықпен айналысу оңай емес. Қажет шараларды жасап, мол өнім алуға еңбектенудеміз»,— дейді шаруа иесі Әлішер Эрметұлы.

Бүгінде жиналған өнімдер Кентау, Түркістан қалаларынан бөлек, басқа да аудан-қалаларға тасмалдануда.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылы су үнемдеу технологиясын қосымша 22 мың гектарға ендіру жоспарланған. Негізгі мақсат – шөлейтті аймақ болып есептелетін Түркістан өңірінде жаңа технологияның көмегімен өнім көлемін арттыру, шаруаларға тиімді жол ұсыну. Әрі мемлекеттің субцидиясы қарастырылған. Озық технологияны таңдаған шаруаларға қаржының тең жартысын мемлекет өтеп береді. Су арналарына жақын орналасқан жерлерде кооператив құрып, біріккен диқандарға да қолдау бар.

Заманауи қондырғылар АҚШ, Израиль, Еуропа, Қытай, БАӘ мен Қытай елдерінде жасалады. Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *