“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ШАРАСЫ АЯСЫНДА 55 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барша қазақстандықтар үлес қосып, туған жерімізді көркейтуге атсалысуда.

Бүгін Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Ауданда тазалық аптасы тұрақты жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді.

Сенбілік жұмыстары «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Кентау» бағыттарындағы автомобиль жолдарының бойлары мен индустриалды аймақта және 12 ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Қызу тазалық жұмыстарына 300-ге жуық азамат қатысты. Әр ауылдық округ өздеріне бөлінген көше бойларындағы арам шөптерін шауып, жаяу жүргіншілер жүретін жолдың шеттерін әктеді. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының бойындағы қураған ағаштар, бей берекет өскен шөптер шабылып, нәтижесінде 55 тонна қоқыс шығарылды. Оған 11 техника жұмылдырылды.

Сенбілікте елді мекендер мен автомобиль жолдарының бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары кеңінен қолға алынды. Аудан көлемінде тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *