Қазақ мультфильмі әлемдік деңгейге көтерілетін күн жақын! Шымкентте «Аватар» стилінде тарихи толық метражды мультфильм жарыққа шығатын күн жақын,-деп хабарлайды Bozyq. kz Ақпарат агенттігі.
Жас жеткіншектерді, соның ішінде балаларды мультипликациялық кино арқылы тәрбиелеудің мәні зор екені рас, әрине. Бір-бір мониторға үңілген жастар, жәй отырған жоқ. Қазақ тарихынан сыр шертетін мультипликациялық кино әзірлеп жатыр. Әр кадрден жоғары сапа мен шынайы бейнені байқауға болады.
Анимациялық мультфильм әзірлеу қып-қызыл шұқыма жұмыс. Бір туындыға бірнеше айлар кететін. Ал, жаңа технолгияның тағы бір артықшылығы 2 минунттық мульфильмді 1,5 аптада аяқтауға болады. Тек, актер алғыр болса болғаны. Қысқасы, «Аватар» стиліндегі тарихи толық метражды мультфильмінің қаңқасы «Unreal Engine5» программасы арқылы құралып жатыр.
-Бұған дейін Орталық Азияда бұл нәрсе болмаған. Бұндай технолгияны АҚШ та қолданатын еді. Белгілі киноларда. Біз неге тек АҚШ-та, бізде неге жоба ашпасқа деген, әсіресе біздің жастарымыз да қабілеттері бар, ынталары бар сондықтан қазір бірігіп осы жобаны бастадық. Біз кел-келген анимацияны персонажды по- шаговый жасамаймыз. По кадр жасамаймыз. Актер нені жасайды біздің персонаж соны қайталайды. Ол мимикасынан бастап дене қозғалысына дейін солай болады,- дейді ІТ маманы Азиз Есжанов.
Мұнда 26 адам жұмыс істейді. Дені, жергілікті мамандар. Біздің мақсат Қазақстанның анимация саласын әлемдік деңгейге көтеру,- дейді жігіттер. Әлем елдері өз мультфильмдері арқылы өз саясатын, салт-санасын, идеологиясын жас көрермендердің санасына сіңіріп отыр. Оған АҚШ пен Қытай куә. Енді, бұл салада Шымкент жастары да тыңнан түрең салғалы тұр.