ӘР САЛАДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕР ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  “ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Оған ауданның қалыптасу кезеңінде жергілікті жерлерде түрлі салада еңбек еткен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жастарды ата-бабаларымыздың үздік халықтық дәстүрінде тәрбиелеу ісін ілгерілету мақсатында өткізілген рухани кездесудің маңыздылығы ерекше. Сырлы сұхбат, әдемі әңгіме, ыстық естеліктер айтылды. Ауыл ардагерлері аудан әкімінің алғыс хаты және сый құрметіне ие болды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *