Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастар көбейді, деп хабарлайды Bozyq.kz.
Кентау қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда қалада аталған бағдарлама арқылы жұмыс істегісі келетін жастар былтырғыдан 30%-ға артқан. Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті. Жастар жаз бойы қаланы абаттандыруға атсалысып, жасыл қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосады.
Маусым айынан бастап кезекті еңбекті 30-ға жуық жас азамат бастады. Жалпы үш айда 90-ға жуық жасты еңбекке тарту жоспарланған. Олар әр айда өз кезегімен жұмыс істейтін болады. Қазіргі 16-34 жас аралығындағы оқушы, студенттер және жұмыссыз жастар қаланы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуда.