«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ҚАЛАЙ ЖӘНЕ КІМГЕ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы баяндады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Бұл көмек мынадай санаттағы отбасының балаларына беріледі:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 11 390

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға – 39 841

3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 399

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға – 0

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) – 4 553 Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

2024 жылы 56 183 балаға көмек көрсетіледі. Жоспарланған қаржы 2 400,9 млн.тенге (әр балаға 43 500 т).

Бүгінгі таңда 3 406 балаға 156,7 мың теңге аударылды. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық балаға қаржы аударылатын болады. 20 тамызға дейін барлық қаржы игерілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *